МЕДИЦИНАҒА АРНАЛҒАН МЕТРОЛОГИЯ

МЕДИЦИНАҒА АРНАЛҒАН МЕТРОЛОГИЯ

Қазіргі медицина өлшеу құралдарымен алып санымен жабдықталған: дене қызуын өлшейтін (қызуөлшегіш) жай термометрлер, тонометрлер, таразылардан бастап ультра-дыбыспен зерттеуге, компьютерлі томографияға арналған аппараттар және т.б. дейін. Олардың көрсетулерінің дәлме-дәлділіктерінен диагноздың дұрыстығымен дәрігер белгілеген шипаның тиімділігі байланысты. Медицинада және денсаулықсақтауда қолданылатын өлшемдерге мемлекеттік метрологиялық бақылау аясының таралуы кездей соқ емес. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 23 бабында көзделген.

Көптеген емдік мекемелердің басшылары өлшем құралдарын салыстырып тексеруден өткізу қажет екендігін түсінеді - бұл мекемемен көрсетілетін медициналық қызметтерінің сапасын дәлелдеп кепілдейтін құрамдасының бір бөлігі. Қолданыстағы өлшем құралдарының келісілген тізбесінің бары,  олардың салыстырып тексеруден өткізу кестелерінің барымен уақытылы орындалуы, метрологиялық қамсыздандыруға жауаптыларды тағайындау - емдік мекеменің аккредитациялауындағы маңызды жағдайлар екендігі сөзсіз.

Бүгінде қандай болсын медициналық аппараты жоқ жанұя сирек кездеседі, ал тонометрлер үй дәрі қобдишасының міндетті элементі болды. Осыған байланысты әлеуетті сатып алушыларға осындай бір кеңес беруге тура келді: сіз не сатып алып тұрғаныңызды мұқият қараңыз.Қазіргі уақытта сатып алуда өлшем құралдарын таңдау үшін жауапкершілік сатып алушыға жатады.  Қазақстан Республикасында қолданысқа жіберілген өлшем құралдардын жолдама құжаттарында мемлекеттік тізілімде тіркелу туралы ақпарат, салыстырып тексеру мерзімділігі, салыстырып тексеру таңбасының бедерлемесі міндетті түрде көрсетіледі. Егер бұл деректер жоқ болса, онда бұл өлшем құралы жасаушы зауытпен (импорттаушымен) түрiн бекiтіп өзінің техникалық және метрологиялық сипаттамаларын дәлелдеу мақсатында сынақтан өткізуге ұсынбаған. Демек өлшенген параметрдің дәлме-дәлділігі ештемемен расталмаған.

Қарағанды қаласының медициналық мекемелерінде мемлекеттік метрологиялық бақылау өткізуде жоғарыда айтылғанның бәрі мемлекеттік инспекторларымен кезекті ретте осы медициналық мекемелердің қызметкерлеріне түсіндірілді.

 

«Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу

және метрология Комитетінің

Қарағанды облысы бойынша Департаменті» РММ

бас мамандары

Н.А. Сатыбалдинов, Г.Н. Қосыбаева