АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

2016 жылдың ақпан айының 10-ны мен 12-і аралығында  Техникалық реттеу және метрология комитеті  Алматы, Алмалы, Жетісу кедендік тазарту орталықтарының  қызметкерлеріне Еуразиялық экономикалық одақ/Кеден Одағының техникалық регламентін,техникалық реттеу саласының заңнамасын түсіндіру бойынша техникалық оқу өткізді.

Аталған іс-шара кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған жүйелі мәселелерді және әкімшілік кедергілерді төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен, 2015 жылы шамамен 6000-ға жуық сыртқы экономикалық қатысушылардан 2012 жылғы 25-желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясының  №294 Шешімін «Кеден Одағының шеңберінде оларға қатысты міндетті талаптарды, кеден одағының өнімдерін (тауарларын) кедендік шекарадан әкелу реті бойынша ережесін» түсіндіру бойынша ТРМК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметіне жүгінді.

Сондай-ақ, осы ахуалды мәселелерді шешу үшін Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасының арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы үшжақты  келісімге қол қою жоспарлануда.