
2016 жылдың 12 ақпанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаменті өкілімен, 2016 жылы 12 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» Заңдарына оқу семинары өткізілді. Моральдық-өнегелілік көрініс және іскерлік сапа талаптарын жоғарлату мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет әдебі Ережесімен танысты.
Семинар өткізудің мақсаты мамандардың білімін жоғарлату, жаңа заңнама талаптарын оларды тәжірибеге қолдану, жемқорлыққа қарсы ортаны ұжымда ғана емес қоғамда да құру мүмкіндіктері, коррупциялық құқық бұзушылыққа жол берудің себептері мен оларды анықтап жою мүмкіндіктер болып табылады.
Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары, мемлекеттік қызметке кіру ережелері жаңа заңның негізгі айырмашылақтары, енгізілген өзгерісдің мақсаты түсіндіріліп мемлекеттік қызметке алғаш рет кірушілерді қабылдаудың жаңа жүйесі туралы, сонымен қоса мемлекеттік орган ішінде мемлекеттік қызметкердің басқа лауазымға ауысу рәсімі туралы сұрақтар көтерілді.
Семинар барысында барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік сыңайлы субъектілер және лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар өткізу керектігі аталынып өтті.
