
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет министрлігінің,Алматы қаласы бойынша департаментінің, мемлекеттік қызмет басқарма басшысы В.Мұрзагелдинованың қатысуымен 2016 жылы 10-ақпан айында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде оқу семинары өтті.
2016 жылдың 1-қаңтарында күшіне енгізілген «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын осы семинар шеңберінде қарастырды. Іскерлік сапасын және моральдік-адамгершілік бейнесін арттыру талаптары мақсатында ТРМК-ның Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика ережесімен жазбаша түрде таныстырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ережесін қарастырып, мемлекеттік қызметке орналасу, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауызымының ерекшеліктерін, мемлекеттік қызмет өткеру, қызметтік тәртіп және этика, әлеуметтік кепілдіктер, мемлекеттік қызметті тоқтатуы және өзге де мәселелер туралы айтылды.
Сонымен қатар, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатына жету үшін, ТРМК-ның Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бұйрығымен 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша іс-шара жоспары бекітілді.
