«СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «СТАНДАРТТАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢДАРЫ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ СЕЛЕКТОРЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

«СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «СТАНДАРТТАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢДАРЫ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ СЕЛЕКТОРЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

2016 жылдың 10-ақпанында «Атамекен» Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Стандарттау туралы» және «Стандарттау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдары жобасын талқылауға қатысты селекторлық кеңес өткізілді, оған 240-тан астам адам қатысты, соның ішінде бизнестің, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Техникалық реттеу комитетінің өңірлік департаменттерінен, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК филиалдарының және т.б. ұйым өкілдері болды

Селекторлық кеңестің ашылуында «Атмекен» ҰКП Техникалық реттек департаментінің директоры Сергей Радаев заң жобасындағы жаңалықтарға қысқаша шолу жасады, сонымен қатар, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ба сдиректоры Арман Шаққалиев заң жобасының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі баяндап берді.

Кеңес барысында Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының, Алматы және Астана қаласының өкілдері ұйым стандарттары, нормативтік техникалық құжаттарға қатысты, халықаралық стандарттарды, сілтемелік стандарттарды және т.б. пайдалану туралы пікірлерін білдірді.

Отырыстың қорытындысы бойынша селекторлық кеңеске қатысушыларға өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін ҰКП мекен-жайына жіберуге кеңес берілді, олар өз кезегінде берілген ұсыныстар мен ескертулерді заң жобасын әзірлеушілерге жеткізетінін айтты.