АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ II-ШІ КӘСІПКЕРЛЕР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ II-ШІ КӘСІПКЕРЛЕР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ

2016 жылдың 9 ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы Президиумының Төрағасы Т.А. Кулибаев, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаментінің басшысы Г.З.Халықова, «ҚазСтИн» РМК ОФ өкілдері, мемлекеттік органдар, қаржы институттары, даму институттары, кәсіпкерлер, өндірушілер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы  II-ші кәсіпкерлер Конференциясы болып өтті.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік бюджетке мегаполистің ЖІӨ 21%,  31%  салық беретіндігін хабарлады. Алматы – бизнес және жеке капитал қаласы. Он алматылықтың алтауы  шағын кәсіпкерлік саласында қызмет етеді. Және де бұл шағын капиталды демеу керек, барьерсіз бизнес енгізуге жағдайлар жасау керек. «Біз «Алматы-2020» деп аталатын қаланың дамуына арналған Бағдарлама әзірледік, ол 7 басымды бағыттан тұрады, оның ішінде үшеуі бизнес назарын қозғайды. Осы бағдарлама шеңберінде Алматы жаңа басқарушылық инновация қаласы болуы тиіс. Ең көп көңіл аударатын мәселе ол мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы, жұмыс орындарын сақтау, жекешелендіру, мүлік пен капиталды заңдастыру, МСБ дамыту, ГЧП – ға жағдайлар жасау», - деді Бауыржан Байбек. Институционалды реформалар мен оларды жүзеге асырудың 100 қадамына сүйене келіп, ол қатысушылардың назарын қаланың тұрақты дамуының қажеттілігіне аударды, яғни «Ақылды қала», «Статистика мен олардың салаларын жетілдіру» және тағы басқалар, стандарттарын тудыруға бағытталған стандарттауды дамытудың қажеттілігін автоматты түрде жүзеге асыру қажеттілігін айтты.  

Сонымен бірге, Конференция барысында сараптамалық тұжырымдамалар мен СТ-KZ үлгісіндегі ішкі айналым тауардың шығу тегі туралы сертификатты жалған берушілерге бақылауды күшейту туралы мәселе қозғалды.  Берілген мәселе бойынша бұдан бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Аукеновтың қатысуымен Алматы қалалық штабы отырысы болып өтті және ҰКП-мен Департамент тарапынан әрекеттер жүргізілді. Сарапшы ұйымдар тарапынан бұзушылықтар болатын болса, ҰКП тиісті шаралар қолдану мақсатында өз уақытында Алматы қ. ТРМКД-ін ақпараттандырады.