DIN СТАНДАРТТАУ БОЙЫНША НЕМІС ИНСТИТУТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖОБАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАР МЕН ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫПҚА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

DIN СТАНДАРТТАУ БОЙЫНША НЕМІС ИНСТИТУТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖОБАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАР МЕН ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫПҚА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2015 жылғы 9 ақпанда «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК базасында GIZ Халықаралық ынтымақтастық бойынша Неміс қоғамының қолдауымен халықаралық сарапшы, DIN Стандарттау бойынша Неміс институты халықаралық консультациялық бөлімінің жобалық үйлестірушісінің қатысуымен «Стандарттарды әзірлеу – халықаралық талаптар мен үздік тәжірибе» тақырыпқа семинар өткізілді.

Осы семинарда стандарттардың жобаларын әзірлеуінде бәтуаластыққа жету бойынша халықаралық тәжірибе призмасы арқылы стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды жоспарлау, өркендеген шетел елдердің техникалық комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру, стандарттарды әзірлеу барысына мүдделі тараптардың қатысуы және т.б. мәселелер талқыланды.

Семинар ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Б.Б. Қанешевтің: «Әлемде стандарттаусыз оркениетті және өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды құру мүмкін емес. Стандарттарда тұтас және бөлек салаларды алғанда мемлекет экономикаға ғылыми жетістіктерді динамикалық енгізуіне жағдай жасап, негізгі және қолданбалы ғылымдарды тығыс байланысты біріктіріп, ең соңғы ғылыми және техникалық жетістіктер шоғырланады» деген алғы сөздермен ашылды.

Семинарға мемлекеттік органнан, стандарттау бойынша комитеттен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, жоғары оқу орыннан және т.б. ұйымнан 85-тен астам өкіл қатысты.

Стандарттау саласында қатысушыларға пікірлермен және тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берген семинар интерактивті ойын форматында өткізілген.