2015 ЖЫЛҒЫ 9 АҚПАНДА «ҚАЗАҚСТАН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТЫ» РМК БАЗАСЫНДА «СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАР МЕН ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫПҚА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛЕДІ

2015 ЖЫЛҒЫ 9 АҚПАНДА «ҚАЗАҚСТАН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТЫ» РМК БАЗАСЫНДА «СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАР МЕН ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫПҚА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛЕДІ

2015 жылғы 9 ақпанда «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК базасында GIZ Халықаралық ынтымақтастық бойынша Неміс қоғамының қолдауымен халықаралық сарапшы, DIN Стандарттау бойынша Неміс институты халықаралық консультациялық бөлімінің жобалық үйлестірушісінің қатысуымен «Стандарттарды әзірлеу – халықаралық талаптар мен үздік тәжірибе» тақырыпқа семинар өткізіледі.

Семинар келесі:

- стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды жоспарлау;

- техникалық комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру және стандарттардың жобаларды әзірлеу бойынша бәтуаластыққа жету;

- стандарттарды әзірлеу барысында мүдделі тараптардың қатысуы және т.б. бойынша негізгі мәселелерді қарауға бағытталатын болады.

Семинар интерактивті ойын форматында өткізіледі.

Семинарға стандарттарды әзірлеуге тікелей қатысатын техникалық комитеттердің, мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер ұлттық палатасының мамандары шақырылды.