ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ШТАБЫ КО ТР ТАЛАПТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫ ҚАРАДЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ШТАБЫ КО ТР ТАЛАПТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫ ҚАРАДЫ

Ағымдағы жылғы 5 ақпанда Орал қаласында Бастыс Қазақстан облысының техникалық реттеу жөніндегі өңірлік штабының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс БҚО әкімінің орынбасарының басшылығымен өтті, оған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев, Техникалық реттеу және метрология комитеті БҚО бойынша департаментінің басшысы Салтанат Қамешева және «Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан Метрология институы» РМК, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханалары, ұйымдар, мекемелер, бизнес-қауымдастықтардың  өкілдері қатысты.

Штабтың шеңберінде мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын, мұнай өнімдері базалары және жанармай құю станцияларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша талаптар түсіндірілді. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 484 «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидаларды және талаптарды бекіту туралы» қаулысын іске асыру мәселелері қаралды.

Көлік құралдарын сынақтан өткізу туралы «Уральсккагрореммаш» АҚ өкілдерінің өтінішімен «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің (КО ТР 018/2011) шеңберінде қызметіне қатысты, ЕАЭО мүше-қатысушылардың қолданыстағы полигондарын пайдалану туралы шешім қабылданды.  Келешекте, Министрлік мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттарында доңғалақты көлік құралдарының сынақ полигонымен Қазақстанда техникалық орталық құру мәселелерін пысықтап жатыр.

Сонымен қатар, «Аз көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 026/2012) Кеден одағы техникалық регламентін іске асыру ерекшеліктері қаралды.

Өңірлік штабтың отырысын өткізу Кеден одағының Техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес өңірдің сынақ базасының жағдайын анықтау, облыстың кәсіпорындарының (ұйымдарының) ұсыныстары мен ескертулерін қарау, сондай-ақ проблемалы мәселелерді және оларды шешу жолдарын қарау қажеттігіне байланысты туындады.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің көшпелі тобы Батыс Қазақстан обылысының Индустриаландыру картасына енген: «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС және «Батыс-Пауэр» ЖШС болып қайтты.