
2016 жылдың 19-қаңтар айында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мекеменің қызметкерлеріне «Өлшем бірлікті қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Аккредиттеу және сәйкестікті бағалау туралы» және «Асыл тастар мен бағалы металдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында болған өзгерістер жайлы, осы іс-шара жоспарына сәйкес техникалық сабақ өткізді.
Техникалық сабақ жұмысына қатысқандар:
Техникалық реттеу және метрологя комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары мен кәсіпорын филиалдарының басшылары қатысты.
ТРМК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасының Заңдарында болған өзгерістер жайлы жан-жақты таныстырылды. «ҚазИнСт» ОФ РМК-ның маманы Демидова Зинаида Николаевна «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгерістер жайлы түсінік берді. «ҚазИнМет» ОФ РМК-ның жетекші маманы Есенбаев Нұрболат Жақсығалиұлы «Өлшем бірлікті қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгерістер жайлы жәнеде алда болатын қосымша өзгерістер жайлы түсінік берді. «ҰАО» ЖШС-нің Алматы қаласының басшысы Өмірханов Мақсұт Асылбайұлы «Аккредиттеу және сәйкестікті бағалау туралы» ҚР Заңында болған өзгерістер жайлы түсінік беріп, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жетібаев Ерболат Тоқбайұлы ««Асыл тастар мен бағалы металдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша техникалық түсіндіру сабағын өткізді.