АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХР ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХР ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2016 жылдың 20 қаңтарында Алматы қаласы бойынша ТРМКД, Алматы қаласының Сауда және инвестиция палатасымен бірлесе отырып ҚХР делегациясын қабалдады. 

Аталаған делегация құрамына Шыңжаң Сапаны және техниканы бақылау басқармасының басшы орынбасары – Чжан Цзяньжун, Шыңжаң арнайы құрылғылар бақылау институты директоры – Чжу Гуанъи, аталған институт басшысының орынбасары Маомин Асхар және қысымды құбыр инспекциясының бастығы Шан Вэй, ЖШС «CCIP ALMATY» бас директоры - Сун Яньбинь кірді. Қонақтардың Қазақстанда келу мақсаты, Қазақстанда бизнес жүргізу мүмкіндігін зерделеу, Қазақстандағы инвестициялық климат, Қазақстан Республикасының іскер топтары, коммерциялық және іскерлік ынтымақтастықты орнату болып табылады. 

Кездесу барысында техникалық реттеу, өлшем бірліктерді қамтамасыз ету, сонымен қатар аккредиттеу тәртібі бойынша сұрақтар талқыланды.