
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінде 2016 жылдың 20 қантар күні жемқорлыққа қарсылық бойынша іс-әрекеттер жоспарын орындау барысында тоқсансайыңғы семинар сабағы өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада соңғы болған өзгерістерге түсіндірулерімен «Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін артыру аймақтық орталығы» КМҚК аға оқытушысы Алтынай Сулейменова түсініктеме берді.
Дәрісте «сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлық қатері», соңдай ақ жаңадан енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг ұғымдары ашылды. Сулейменованың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бүкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайтын субъектілерімен жүзеге асырылады, оларға жататын сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар. Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу үшін негіз болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тəртiптiк теріс қылық және құқық бұзушылықтар мүмкіндіктері пайда болу себептері мен жағдайларын жасауға ықпал ететін жемқорлық тәуекелдерін анықтау және зерттеу талдау мәні болып табылады.
Департамент қызметкерлері оқытушымен бірге, жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы және табыстары мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну арқылы, жемқорлыққа қарсы іс-қимылын күшейтілуі болып табылатын қаржылық бақылау шарасын талқылады.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңына сәйкес келтіруге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қаралды.
