ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2016 жылдың 15 қаңтарында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінде мемлекетаралық стандарттар жобаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.Бастапқы сөз  Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы – Оразғали Егембердиев Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменттің  2015 жылдық қорытынды жұмыстары туралы; стандарттау жөніндегі техникалық комитеттін қызметі туралы баяндады.

Алматы қаласы «ҰАО» ЖШС оқу орталығы өкілдігінің меңгерушісі – Ержан Сүлейменов Алматы қаласы « «ҰАО» ЖШС оқу орталығы өкілдігі туралы. 2015 жылдың қорытындысы. 2016 жылдың жоспарлары мен міндеттері» жайында баяндама жасады. Баяндамада  Алматы қаласы «ҰАО» ЖШС оқу орталығы өкілдігін құру мақсаттары және дөңгелек үстелге қатысушылар оқу орталығының негізгі міндеттері, тапсырмаларымен таныс болды. Сонымен қатар метрология мен стандарттау, аккредиттеу, техникалық реттеу салаларында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат берілді. Сондай-ақ дөңгелек үстел қатысушылары  2016 жылғы арналған іс-шаралар жоспарымен және оларды орындау мақсатында қойылған талаптармен танысты.

«ҚазСтИН» ОҚФ РМК маманы – Қаламқас Есентаева дөңгелек үстелге қатысушыларды мемлекетаралық стандаттар жобаларымен таныстырды:

  • МЕМСТ «Жанар-жағармай. Рентгенттік спектроскопия арқылы қорғасынды анықтау әдістері».
  • МЕМСТ «Автомобильдік жанар-жағармай. Топтық және жеке көміртектік құрамын газ капилярлық храмотография арқылы құрамын анықтау әдістері».
  • МЕМСТ «Мұнай өнімдері. Центрифугалау арқылы  су және қалдықты анықтау».
  • МЕМСТ «Лифт шахталарын тұрғын ғимараттар үшін құрылыс және бетон бұйымдар. Техникалық шарттар».
  • МЕМСТ «Мұнай өнімдері. Күлді анықтау».

Дөңгелек үстел өткізу барысында «ҰАО» ЖШС жөнінде бірқатар сұрақтар қойылды.оның ішінде сынақ зертханаларының аккредиттеу тәртібі, сарапшы-аудиторларды оқыту тәртібі туралы  ИСО/МЭК 17025 ГОСТ жөнінде. Осы  және тағы басқа сұрақтар бойынша толық жауап берілді.

Жоғарыда көрсетілген МЕМСТ бойынша талдау және пікір талас барысында ұсыныстар мен ескертулер «ПКОП» ЖШС және  ШҚЖ РМК «ҰСО» тарапынан білдірілді.