
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті осы жылдың 13 мен 29-қаңтар аралығында жоспар-кестеге сәйкес стандарттау жөніндегі ұлттық техникалық комитеттерді тыңдау бойынша жұмыс тобының жиналысын өткізеді, жиналыста мынадай мәселелер қозғалады:
- 2013-2015 ж.ж. кезең ішінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жұмысының негізгі қорытындысы;
- стандарттау нысандарының сипаттамасын қамтитын стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жұмысының мақсаты мен мүддесі, аралас стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен ынтымақтастық, әрекет етуші ТК-дің стандарттау нысандарын қайталауды болдырмауы;
- ұйымдар – ТК мүшелері, құрамын өзектендіру;
- ИСО/ТК, ХТК, СЕН ТК, ХЭК ТК және т.б. аясындағы халықаралық ынтымақтастықтар;
- Келешектегі ТК жұмысының жоспары (соның ішінде нормативтік техникалық құжаттамалардың қолданыстағы базасын, ғылыми жұмыстарды, өндірушілермен өзара қатынастарды талдау);
- қаржыландыру көздері (республикалық бюджет, жеке қаражаты, өндірушілердің қаражатын тарту, қызметтің өзге де түрлері, соның ішінде оқыту, сертификаттау және т.б.).