ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ «LOTTE» КОМПАНИЯСЫ ШЫМКЕНТТЕ КОНДИТЕР ФАБРИКАСЫН АШТЫ.

ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ «LOTTE» КОМПАНИЯСЫ ШЫМКЕНТТЕ КОНДИТЕР ФАБРИКАСЫН АШТЫ.

Шымкентте салтанатпен «Рахат Шымкент» ЖШС кондитер зауыты ашылды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция оңтүстіккореялық «Lotte» компаниясы тарапынан тартылып, оның көлемі шамамен 3,2 млрд. теңгені құрады.

Анықтама: «LOTTE Confectionery» –Оңтүстік Корея – «LOTTE» тобы конгломератының ірілігі жөнінен бесінші орындағы туынды компаниясы. Бұл топқа 2012 жылғы жылдық қосынды айналымы 75 млрд. АҚШ долларын құрған 79 туынды компания кіреді.

Жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу «Рахат Шымкент» ЖШС-не Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында бәсекелестікке қабілетті жаңа өнім шығаруға, республика ішіндегі кондитерлік бұйымдарға сұранысты қанағаттандыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, сонымен бірге бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. айталық, өндірістің жылдық көлемі 23 мың тонна болады деп жоспарлануда. кәсіпорында қосымша 100 жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында жасалған жағдайдың арқасында Қазақстанда экономиканың шикізаттық емес секторларында шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалар табыспен жүзеге асырылуда. Оның сыртында, инвесторларды қолдау шаралары жұмыс істеп жатқан өндірістерді кеңейтуге септігін тигізуде.

ҚР инвестиция және даму министрлігі мен «KAZNEXINVEST» АҚ Қазақстанда жұмыс атқарып жүрген және өзінің өндірістік қызметін ұлғайтуға қосымша қаражат пен қорлар тартуды жоспарлаған шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасалуда. Халықаралық статистикаға қарағанда инвестицияның шамамен 65% жұмыс жасап жүрген инвесторлардың үлесіне тиесілі.

Бұл жобаға қайта инвестиция түсіруі инвесторлардың Қазақстанға және ондағы инвестициялық ахуалына деген сенімінің сипаттайтын көрсеткіш болып табылады

Әлемдегі және өңірдегі тұрақсыздыққа қарамастан біздің еліміз инвесторлар үшін сенімді әріптес болып қала береді.

Қазақстанда индустрияландырудың бірінші бесжылдығында инвестициялық ахуал едәуір жақсара түсті. за первую пятилетку индустриализации заметно улучшился инвестиционный климат. По данным исследования Ernst&Young зерттеуі бойынша Қазақстанда жұмыс атқарып жүрген инвесторлардың басым көпшілігі (80%) елдегі инвестициялық ахуалға разы.

Бұны статистика да растайды. Айталық, ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жылдары 2005 жылдан бері өңдеу өнеркәсібіне бағытталған барлық инвестицияның 74% тартылған болатын. Тікелей шетелдік инвестиция жасаудың жалпы артуымен қатар өңдеу өнеркәсібінің үлесі ҮИИДМБ-на дейінгі 7%-дан индустрияландырудың бірінші бесжылдығында 14%-ға дейін артты.

Өткен жылы мемлекеттің инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша бірқатар шараларды іске асырғанын атап өткен абзал. Айталық, ынталандырудың жаңа пакеті қабылданды, оның ішінде 10 елдің азаматтарына визалық режим жойылды; басым инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы инвесторларды қолдау орталығы ашылды, сонымен бірге қайтадан инвестиция салушыларды ынталандыру жасалуда.
 

ҚР ИДМ баспасөз қызметі