ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫ БАЛАНСЫНАН «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ» БАЛАНСЫНА ӨТКІЗУ АҚТАЛЫП ҚАЛДЫ.

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫ БАЛАНСЫНАН «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ» БАЛАНСЫНА ӨТКІЗУ АҚТАЛЫП ҚАЛДЫ.

Жолаушылар тасымалының бірыңғай технологиялық үдерісін қамтамасыз ету мақсатында теміржол вокзалдарын жергілікті атқару органдары балансынан «Қазақстан темір жолының» балансына өткізу аяқталып қалды. Бұл жайында бүгін теміржолмен жолаушы тасымалдау сапасын және теміржол вокзалдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде Астанада өткен кеңесте ҚР ИДМ көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев әңгімеледі. Астаналық вокзал ғимаратында өткен бұл кеңеске мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, мүмкіндіктері шектеулі адамдар ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Ә. Асавбаев 2013-2014 жылдары 91 вокзалда күрделі жөндеу және 5 вокзалда ағымдағы жөндеу өткізілгендігі туралы айтты. 2015 жылғы жопар бойынша Қостанай қаласындағы вокзалды күрделі жөндеуден өткізу белгіленген. астана қаласында жаңа вокзалдың құрылысы жүргізілуде.

Оның айтуынша, қазіргі вокзалдың жұмысын жеңілдетеді, сонымен бірге халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезінде тасымалдау қажеттігін толығымен қамтамасыз ететін болады.

«Мұнымен бірге, теміржол вокзалдарында мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету жөнінде біраз сын айтылуда. Мамыр айынан бері жүргізілген 31 вокзалда өткізілген алты комиссиялық тексерістің нәтижесіне қарағанда олардың әрқайсысында дерлік Ұлттық стандарттарға сай болуы жөнінде талаптарға сәйкес еместігі айқындалды», – деп атап өтті Ә.Асавбаев.

ҚР ИДМ баспасөз қызметі