ҚАЗАҚСТАНДА VIMEO ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСТЫРЫЛАДЫ

 ҚАЗАҚСТАНДА VIMEO ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСТЫРЫЛАДЫ

vimeo.com интернет-ресурсының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келетін материалдардың ресурсынан жойылғаны туралы хабарлады. ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Голобурданың айтуынша, ағымдығы жылдың 14 қазанында Қазақстандағы пайдаланушылар vimeo.com интернет-ресурсына кіруге қайта мүмкіндік алады.

Естеріңізге салсақ, Комитет өткізген мониторинг нәтижесінде, vimeo.com интернет-ресурсында діни экстремизмді және терроризмді, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бірқатар бейнероликтер табылған.

Соның ішінде «Исламдық мемлекет» халықаралық лаңкестік ұйымы өткізген 30 эфиоптық христиандардың, сириялық СӘК 10 әскери қызметкерлерімен тұрғындарының қатыгездікпен өлтірілуі көрсетілген бейнероликтер бар.

Сондықтан, 2015 жылдың 7 қыркүйегіндегі Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімі негізінде Комитет бұл ресурсқа Қазақстан Республикасында қол жеткізуді шектеді. Сонымен қатар vimeo.com ресурсының әкімдігіне заңды түрде күшіне енген сот шешімі және заңсыз материалдарды алып тастау қажеттілігі туралы хат жіберілді.

Қазіргі таңда «Vimeo LLC» компаниясы айтылған бейнероликтерді жою үшін қабылданған шаралар туралы және Комитетпен қарым-қатынас орнатуға дайындығы туралы ресми жауап жіберді. Қайталап өткізілген мониторинг нәтижесінде ресурс жұмысы жалғастырылды.

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі

Тел.:74-03-43