«ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін (КО ТР   018/2011) түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға жергілікті полиция өкілдері, Орал қаласының білім бөлімі, мектеп директорлары қатысты.

Кездесудің мақсаты 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормалары мен ережелерін түсіндіру болды.

Департамент басшысы Салават Вахитов қатысушыларға балаларды тасымалдауға арналған M2 және M3 санаттағы көлік құралдарына қойылатын жалпы талаптарды түсіндірді.

Оның сөзіне қарағанда, конструктивті жылдамдығы 60 км / сағаттан артық автобус жылдамдықты шектеу құрылғысымен жабдықталуы тиіс. «Балаларды тасымалдау» белгілері автобустың алдында және артында орнатылуы керек, Автобус  кузовының екі қапталында, сондай-ақ симметрия осі бойымен алдыңғы және сырт жақтарында тік бас әріптермен «БАЛАЛАР» сөзі  жазылу керек»- деді ол.

Сонымен қатар, ол автобус кері жүрген кезде автоматты түрде дыбыстық сигнал беретін құрылғымен жабдықталу қажеттігін, сондай-ақ кузов сары түсті  болу керектігін атап өтті.

Разъяснены требования технического регламента ТС «О безопасности колесных транспортных средств»