АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ОТЫРЫС ӨТТІ

АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТАНДАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ОТЫРЫС ӨТТІ

Жыл сайын 14 қазан күні халықаралық қоғамдастық Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Бұл күн бірыңғай стандарттарды құрудың маңыздылығына адамдардың назарын аударуға және бүкіл әлем бойынша ондаған мың маманның осы салаға қосқан үлесін атап өтуге үндейді. Биылғы жылғы Дүниежүзілік стандарттар күнінің тақырыбы халықаралық стандарттардың төртінші өнеркәсіптік революцияға жетудегі рөліне арналған.

Биыл Дүниежүзілік стандарттар күніне ерекше көңіл бөлініп отыр, өйткені ол Қазақстанда «Стандарттау туралы» Заңының қабылдануымен атап өтілді. Бүгінгі таңда қоғам халықаралық стандарттардың тұрақты болашаққа қол жеткізуде маңызды екенін өте байыптылықпен мойындайды.

Жаңа индустрияландыру дәуірінің технологияларын енгізу олардың үйлесімділігі мен функционалдық өзара алмасушылығын, сонымен қатар жаңа білім мен инновациялардың бүкіл әлемде кеңінен таралуын қамтамасыз ететін стандарттарсыз мүмкін болмас еді. Стандарттардың рөлі ғаламдық қиындықтарды еңсеруде күн санап артып келеді.

Отырыстың тікелей қатысушылары  - заң жобасын әзірлеушілер, олардың ішінде Қазақстан Республикасының депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, салалық қауымдастықтардың және мүдделі бизнес-қауымдастықтың өкілдері қатысты.

ҚР депутаттары және ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «ҚазСтИн» РМК өкілдері жаңа Заңды іске асыру және Қазақстанның халықаралық стандарттау моделіне көшу туралы әңгіме қозғаған панельдік дискуссия форматында өтті. Экономиканың дамуына стандарттардың негізгі рөлі мен маңызы талқыланды. Ұлттық стандарттар өнеркәсіптік даму индикаторы ретінде, ал техникалық комитеттер консенсустық стандарттарды қабылдау үшін тәуелсіз алаң ретінде қаралды. Сондай-ақ Қазақстан аумағында халықаралық стандарттарды қабылдау тәжірибесі қарастырылған.

Қатысушылар жаңа Заң артық талаптарды алып тастайтын және ұлттық стандарттарда техникалық талаптарды белгілеу мүмкіндігін анықтайтын стандарттар мониторингі, талдау және жүйелеу арқылы отандық өнеркәсіп үшін қажетті стандарттардың өзектілігі мен сұранысы бойынша заңға қосымшаларды қарастыратындығын айтты. Өз кезегінде ұлттық стандарттарды қолдану мониторингі өнім сапасының деңгейін үнемі арттыру мақсатында стандарттарды үздіксіз жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

 

В Астане состоялось заседание, посвященное Всемирному дню стандартов

В Астане состоялось заседание, посвященное Всемирному дню стандартов