
Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өту щеңберінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК БҚФ-мен бірлесіп, мемлекеттік органдар және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара экономиканың жоғары технологиялы салаласындағы стандарттауды дамытуға байланысты неғұрлым перспективалы бағыттарға назар аударту мақсатында өткізілді.
ТРМК БҚО бойынша департамент басшысы Салават Вахитов іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз жолдады. Ол халықаралық стандарттардың жалпыға бірдей мақсаты – сенімді қамтамасыз ету. Өнімдер мен қызметтердің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігі сапаны, қоршаған ортаға зиянсыздықты, қауіпсіздікті, сенімділікті және тиімділікті қамтамасыз етеді.
Әрі қарай «ҚазСтИн» РМК БҚФ директоры Айман Удишева ҚР «Стандарттау туралы» Заңының жалпы ережелерін, ұлттық стандарттау жүйесін, оның халықаралық моделімен үйлестірілуін, ұлттық стандарттардың, техникалық комитеттердің рөлі мен мәртебесінің көтерілуі туралы баяндады.
Сонымен бірге, «Орал механикалық зауыты» ЖШС бас инженерінің орынбасары Геннадий Харкин кәсіпорындағы жаңа ұлттық стандартты енгізу тәжірибесі жөнінде айтып өтті.
«Karachaganak Petroleum Operating B.V.» ЖТАҚ, «Конденсат» АҚ, «ИНТЕК- ОНМР» ЖШС және «Орал механикалық зауыты» ЖШС өкілдерін алғыс хатпен марапаттау салтанатты іс-шараның маңызды сәтіне айналды.