
Ойыншықтарды жақсы көрмейтін баланы кездестіру мүмкін емес. Бірақ сіздің балаңызға ойыншық сатып алғанда біз қаншалықты қауіпсіз екенін жиі ойлаймыз ба? Бірақ, көптеген ойыншықтар, көптеген қауіп-қатерлер тудырады. Сіздің балаңызға бақытты және салауатты балалық шағын беруге, осы көрінбейтін жауларымен қалай күресуге болатынын бөлісейік.
Балаға ең үлкен қауіп тудыратын ойыншықтың жасалған материалы. Соның ішінде бояғыш заттар болып табылады, оның құрамына формальдегид, фенол, феноксил, метил, изгобитурат және т.б. кіреді. Кейбір ойыншықтарда осы қауіпті заттардың деңгейі 30% жоғары болады, бұған жол берілмеуі тиіс. Кішкентай балалар көбінесе ойыншықтардың дәмін татуға тырысады, нәтижесінде балалардың бүйрек, бауыр, асқазан, иммундық жүйелеріне қауіп төндіреді, сондай-ақ әр түрлі аллергиялық реакциялық әсері болуы мүмкін. Қауіпті өнімді сатып алмау үшін, ең жақсы шешім – ол сатушыдан сәйкестік сертификатын талап ету. Әсіресе, бояуы немесе лагы кеткен ойыншық көрсеңіз ондай сыйлық алмағаныңыз жөн, өйткені баланың сілекей және тыныс алу жолдары арқылы баланың ішкі организміне қауіп төнеді. Пластмассадан жасалған ойыншық ең қауіпті болып табылады. Мұндай проблемаларды болдырмау үшін, сіз балаға сатып алған ағаш немесе пластмасса ойыншықтардың құрамындағы формальдегидттерді көрсететін сәйкестік сертификаттын сұрағаныңыз жөн болар еді.
Тағы бір «ойыншық» қауіпі, ойыншықтардың үшкір бұрыштары мен қисық шеттері, көбінесе балалар сол үшін жарақат алуы мүмкін. Ойыншықтардың түстері де өте қауіпті болуы мүмкін. Улы жасыл немесе ашық қызыл түсті ойыншықтардың құрамында табиғи компоненттер жоқ. Мұндай бояулардың құрамына жиі қорғасын және кадмий кіреді. Табиғи емес жарқын түсті ойыншықтарды балаға сыйлыққа алуға болмайды, өйкені ол баланың психикасы мен көзіне тигізетін әзері өте жөғары. Мұндай ойыншықтар әсерінен - жүрек айнуы, көз астының көгеруі, әлсіздік және баланың жүйке жүйесінің тежелуі болуы мүмкін. Осы белгілерді байқаған кезде балаға міндетті түрде 1 стакан сүт беріп, дереу дәрігерді шақырту керек.
2012 жылдың 1 шілдесінен бастап Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті КО ТР 008/2011 күшіне енді, ол кеден одағының аумағында ойыншықтардың еркін айналысын қамтамсыз етеді. Ойыншықтардың сәйкестігі, КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес расталады. Сәйкестік рәсімінен өткеннен кейін, Кеден одағының бірыңғай нысаны бойынша сәйкестік сертификаттары беріледі. Сәйкестік сертификаттары бүкіл Кеден одағында жарамды болып табылады. Техникалық регламентпен Еуразиялық экономикалық комиссиясының сайтында (http://www.eurasiancommission.org) толық танысуға болады. Техникалық регламент бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық Департаменттеріне сәйкес хат жолдауға болады.