«КЕЛЕТ» АҚ-ДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«КЕЛЕТ» АҚ-ДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2018 жылдың 17 қазанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшылығы Алматы қаласы бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Филиалы, «ҚазМетрИн» РМК ОҚ Филиалы қызметкерлерімен бірлесіп «Келет» АҚ кәсіпорынына барды.

Бұл іс-шараның мақсаты өнім өндірушісімен, техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы кәсіпорынның жұмысымен танысу, сондай-ақ техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнамаларға түсініктеме беру.

«Келет» АҚ өнеркәсіптік және тұрмыстық қажеттіліктерге заманауи жабдықтар, соның ішінде: сорғы, желдету, жылыту (газ және электрлі қазандықтарды қоса алғанда), дәнекерлеу, суды тазалау және жылыту, компрессиялық, электр қозғалтқыштары, генераторлар, электр жабдықтары және түрлі модификациядағы тұрақтандырғыштар шығарады.

Кездесу кезінде «Келет» АҚ компаниясының президенті Александр Папп қатысушыларды өндіріс бөлшектерін өндіруден бастап жинауға, қаптауға, таңбалауға, сапаны мен қауіпсіздікті бақылауға және дайын өнімді қоймаларға орналастыру өндірістік процесс барысымен таныстырды. Ол заманауи лазерлік, дәнекерлеу және буып-түйетін жабдықтарды көрсетіп, қазіргі заманғы роботтандыру және өндірістің технологиялық үрдістерін толық механикаландыру жобалары туралы айтты.

Ол Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнімдерді ЕАС белгілерімен орналастыруды қоса алғанда, дайын өнімдерді пайдалану және таңбалауға арналған нұсқаулықтармен жүретіндігі, бұл кәсіпорынның дайын өнімінің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестігін білдіретіндігіне назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасында «Стандарттау туралы» жаңа заңның қабылдануы туралы «Келет» АҚ өкілдеріне айтылып, кәсіпорын әзірлеген  ұйымдық стандарттар тізбесін, ұлттық стандарттарды әзірлеуге негіз ретінде пайдаланып, одан ары бірлесіп талқылау үшін және 2019 жылдың стандарттарды әзірлеу жоспарына қосу туралы ұсынылды.

В АО «Келет» проведена разъяснительная работа