
Елде жаңа өндіріс орындарын ашу, жаңғырту және қайта жабдықтау, экспорттың дамытуымен мұнайгаз саласы үлгісіндегі кәсіпорындардың тарапынан ұсыныс-өтініштер саны артты. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының 3-форумында ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов айтты. Оның сөзінше 2015 жылы Комитет тарапынан «Машинаның және құралдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті әзірлеушілердің атын машина мен құралдарға стандарттар енгізу бойынша 90-нан астам ұсыныс жолданған. Оның ішінде 20-дан астам стандарт мұнайгаз саласындағы машина жасауға қатысты. Форумның панельдік сессиясында ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін сертификаттау жүйесіне қатысты сөзінде Ғ.Дұғалов кәсіпкерлерді Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндетін жан-жақты зерттеп, халықаралық сауданың жаңа талаптарына бейімделуге шақырды.
Анықтама: Бүгінде мұнай-газ саласындағы ұлттық стандарттардың жалпы саны 492 бірлік. Оның ішінде 384 бірлік халықаралық талаптарға сәйкестендірілген. 3-форум барысында Қазақстан машина жасау саласының жаңа экономикалық жағдайлардағы бәсекелестігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, талқылануда. Кездесу қорытындысы бойынша аталған саладағы алдыңғы қатарлы қазақстандық компаниялар арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойлады деп күтілуде.
ҚР ИДМ баспасөз-қызметі