
Астана Медициналық Университетінің біріктірілген менеджмент жүйесінің нәтижелілігін жетілдіру тұрақты бақылауда. Осы туралы техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департамент бөлімі басшысы Медициналық Университетіне бару қорытындысына түсініктеме жасағанда хабарлады.
Департамент басшысының сөзіне қарағанда, Астана Медициналық Университетінің негізінде радиобиология және радиациялық қорғау Институтының радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы құрылып уранөндіру, тау-кен өндіру және мұнайгаз аумақтарының объектілерінде комплекстік радиобиоэкологиялық зерттеулер жүргізеді.
«Астана Медициналық Университетінің біріктірілген менеджмент жүйесінің мақсаты орнықты даму болып табылады, Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес білім беру, ғылыми-клиникалық қызмет көрсететін жетекші білім беру, сонымен қоса инновациялық ғылыми-клиникалық орталығы», - деп техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департамент бөлімі басшысы Акмарал Қабулова атап өтті.
Кездесу нәтижесінде, департамент мамандарымен техникалық реттеу саласында, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалары, сонымен қатар ҚР ИСО/МЭК халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі түсіндірілді.
АНЫҚТАМА ҮШІН: сынақ зертхана радиациялық-қауіпті кәсіпорындардың медициналық қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігі, уранөндіру, тау-кен өндіру және мұнайгаз аумақтарының халқының деңсаулық жағдайының бағалау мен талдауы, аумақтардың тиімді тазалау тәсілдерді әзірлеу, сонымен қоса ҚР аумағында қоршаған орта объектілері сынамаларында замануи радионуклидтердің белсенділігін талдау тәсілдерін енгізу, оқыту және таратылу туралы ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу жұмыстарын жүргізеді.