
2015 жылғы тамыз-қыркүйек кезеңінде Азаматтық авиация комитеті әуежайларын басқару мемлекеттік авиация инспекторлары мемлекеттік инспекторларға арналған ИКАО және EASA біліктілігін көтерудің үш курсынан өтті.
Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіби даярлау 2015 жылға арналған мемлекеттік авиация инспекторларын бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша оқыту жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мысалы, 2015 жылғы 11-14 тамызда «14-қосымша. Ұшу-қону белдеуі, РД, перрон. Жоспарлау және дизайн» деп аталған ИКАО курсы өтті. Бұл курстарда ұшу-қону белдеулеріне, рулеждік жолдар мен перрондар, ұшақтар тұратын орындар, маркерлермен таңбалау, сілтемелер мен маркерлер (ақпараттық таңбалар, тағайындаулар мен сілтемелер, міндетті таңбалар, рулеждік маркерлер), әуежайдағы жарықтандыру белгілері жүйелерімен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары, талаптары мен ұсынымдары зерделенді. Сондай-ақ әуежайлар мен олардың дизайнын жоспарлау қағидалары, кедергілерді шектеу талаптары, ұшақтар үлгілеріне қарай кедергілер мен олардың мақсаттарына, қауіпсіздікті бағалауға, салдарларын жою жөніндегі шараларға, әуежайдағы диспетчерлік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар жөнінде лекциялар тыңдалды.
Курс аяқталғаннан кейін алынған білім деңгейін айқындауға тесттер өткізіліп, сертификаттар берілді.
2015 жылғы 1-3 қыркүйекте «EASA әуежай бойынша. Қағидалар: мемлекеттік инспекторларға арналған негізгі оқыту» тақырыбында EASA курстары өткізілді. Курстарда ИКАО-ға қатысты (ЕО) № 216/2008 Регламенті талаптарын қолдану және оны енгізу қағидалары (Комиссия қаулысы (ЕО) No 139/2014), EASA-ның сертификациялық спецификациялары мен нұсқамалық материалдары, оның ішінде аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттар және қауіпсіздікті бағалау үшін қолданылатын ұшу қауіпсздігін басқару жүйелерін, қауіпсіздікті әрі ұшу сапасын және қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету қағидатарын қоса алғанда, әуежай басшылығымен, басқару жүйелерімен байланысты талаптар бойынша қосымшалар мен құжаттар туралы ақпаратты қамтыды. Оларда жобалық қамтамасыз ету кезінде әуежайлармен байланысты талаптар, ВПП, РД, әуежайлардағы таңбалар, оларды белгілеу әрі жарықтандыру, Авариялық құтқару іс-шараларын жоспарлау және қолайсыз ауа райы кезінде әрең көрінетін кезде ұшақтарды ВПП-дан шетке шығару, перрондағы қызметті ұйымдастыру және ұшу қауіпсіз жүргізілуін басқару, қауіпті жүктер мен отынды өңдеу (жабдықтар, сақтау және олармен жұмыс істеу) қамтылған.
Курстар аяқталғаннан кейін алынған білім деңгейін айқындауға тесттер өткізіліп, сертификаттар берілді.
2015 жылғы 14-16 қыркүйекте «EASA әуежай бойынша. Сертификаттау талаптары» тақырыбында курстар тыңдалды. Бұл курстарда Еуропалық Комиссияның әуежайлармен, бақылау тетіктерімен және сертификаттардың қолданылуын ұзартумен байланысты Регламентті жүзеге асырудың Баптары мен Қағидаларын қолдану, EASA-ның рөлі, EASA-ның ИКАО-дан сертификаттар бойынша қағидаларының негізгі ерекшеліктері, 14 стандарт пен ұсынымдар қосымшасы, әуежайларға арналған сертификаттау қағидалары, EASA-ның қолайлы сәйкестік құралдары (AMC) және нұсқамалық материалдары (ГМ), Кедергілерді бағалау, әуежай басшылығы, әуежайларды сертификаттаудың осы жаңа қағидалары мен талаптарын түсіну әрі қолдану жөніндегі практикадағы мысалдар зерделенді.
Курстар аяқталғаннан кейін алынған білім деңгейін айқындауға тесттер өткізіліп, сертификаттар берілді.
Таяуда кедергілерді бағалау жөніндегі соңғы курс өткізіледі.