
Қазақстан Республикасы Инвестиялар және даму Министрілігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департамент өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азиядағы контейнерлік тақтайшалар, гофра орауыштар мен қағаз дайындаушы кәсіпорын «Kagazy Recycling» ЖШС ұжымымен кездесті
Компания өнімдерді жеткізудің ең жақсы тәсілдерін қолдана отырып келесі қызметтердің атап айтқанды: гофрленген картонды таңдау, кез-келген күрделі орауыштарды жобалау және графикалық дизайны, паллетизация схемаларды ұсынады.
2018 жылдың наурыз айында компания ISO 9001: 2015 сапа менеджменті жүйесі, ISO 14001: 2015 экологиялық менеджмент жүйесі, OHSAS 18001: 2007 денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесі бойынша мерзімді сертификаттаудан өтті.
Кәсіпорын өндіретін, Кеден одағының аумағындағы айналысқа шығарылған орауыштардың (тығындап бекіту құралдары) еркін қозғалысын қамтамасыз етуге, қаптауға (жабуға) қойылатын талаптарды орындауға бірыңғай міндетті болып табылатын, КО 005/2011 техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын өнімдер болып табылады.
КО ТР талаптарын талқылау кезінде тамақ өнімдерімен байланыста болатын орамдардан бөлінетін заттардың қауіпсіздік көрсеткіштері мен стандарттарына ерекше назар аударылды.
Орауыштар (тығындап бекіту құралдары) жасалған материалдардың сандық, алфавиттік (аббревиатуралық) белгілеуі, таңбалау сұрағына негіз болды.

