АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗАМАНЫНДА САПАНЫҢ РОЛІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗАМАНЫНДА САПАНЫҢ РОЛІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі жағдайда азаматтардың сұранысына бағыттап басқару жүйесін жетілдіруге аса көңіл бөлінген.

Төртінші бөлімінде мемаппараттың азаматтардың сұранысына бағытталуы, мемлекеттік қызметкерлердің өмірлік ұстанымы «Сапа» болуы, ал өзін-өзі жетілдіруі оның негізгі принципі болу керектігі атап өтілген.

Бүгінгі күні   үздіксіз жетілдіру ұйым мен әрбір адам үшін негізгі принцип болып табылады. Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде  азаматтардың сұранысы кез-келген бизнестің инвесторы болып табылады.

Осы жағынан алғанда тұтынушының ролі мен сапа ролі әрдайым өсіп отыратын болады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында ANQ2018 16-Азиаттық конгресі «Ақпараттық технологиялар заманында сапаның басымдықта болуы» лозунгісімен өтті.

Конгресс отырысында Азия-тынық мұхиты өңірінің 17 елінен Жапония, Сингапур, Корея, Қытай және т.б.  сарапшылар сөз сөйледі, олар сапаның қазіргі инструментін енгізу тәжірибелерімен бөлісіп, менеджмент жүйесін енгізу бойынша нақты ұсынымдар берді.

Өкінішке орай, соңғы кезде отандық тауарлар мен қызметтердің импорттық өнімге бәсекелестігі төмендігін мемлекеттік басқару және бизнес ортаның менеджмент жүйесін енгізуге  бірқатар  органдардың формальды қатынасымен байланыстырады. 

Тендерлерде «формальді» сертификаттарды қолдану, кедендік органдарына түсетін жүктерді кеденнен өткізу кезінде «жасырын» сертификаттарды қолдану қалыпты жағдай.

Осыған байланысты ISO 22000 (Тамақ өнімі қауіпсіздігі), ISO 26000 (Әлеуеттік жауаптылық стандарты), ISO 27001 (Ақпараттық қауіпсіздік стандарты), ISO 37001 (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджмент жүйесі) менеджмент жүйесін мемлекеттік қолдау жеткіліксіз екендігін атап өткен жөн.

Халықаралық менеджмент стандарттарын енгізу пайдасын түсіндіру жөніндегі мемлекеттік саясат жоқ. Өкінішке орай, менеджмент жүйесін енгізу саласын мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшылары ескермейтіндігі байқалады. Қазақстандық компания басшылары мен персоналдары сапа менеджментінің заманауи тұжырымдамалары мен принциптерін түсінбейді.

ҚР Президентінің Жолдауында айтылған осы және өзге де мәселелерді шешу және отандық кәсіпорындар мен ұйымдарда сапа менеджменті жүйесін енгізу нәтижелілігін көтеру бойынша іс-шаралар әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасында сапа менедженті жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған бағдарламасын» бекіту туралы ҚР Үкіметінің арнайы қаулысын әзірлеуді және қабылдауды ұсынамын.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Тауарлар мен қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау жөніндегі бірыңғай комитет құру туралы бастамасын қолдаймын.  Бұл техникалық регламенттер талаптарына сай келмейтін өнімге күштеп ұсыныс беру мен алып тастау (техникалық реттеу жүйесінің объектілері) жүйесін  енгізуге, сондай ақ техникалық регламенттер объектілерін сәйкессіздік талаптарын жойғанға дейін пайдаланылуын тоқтата тұру тәртібін белгілеуге қол жеткізеді:

  • сәйкессіздіктерді бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • техникалық реттеудің бірыңғай цифрлық тұғырнамасын енгізу.

Қабылданған шаралар қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің, тиісінше олардың өнімдері мен қызметтерінің негізгі элементі ретінде  сапаны жетілдіруді қабылдаудың жаңа маңызды моделдері мен тұжырымдамаларын және тәжірибені игеруге көмек болатыны сөзсіз.

 

Серік Құрманғалиев, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген стандарттаушысы, ҚР аккредиттеу жүйесі сарапшылары қоғамдық бірлестігінің төрағасы