Алматыда талаптарға сәйкес келмейтін табиғи тастан жасалған бұйымдар анықталды

Алматыда талаптарға сәйкес келмейтін табиғи тастан жасалған бұйымдар анықталды

«Qazaq Stone» «Қазақстанның тас өңдеу саласы одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласындағы департаменті табиғи тастан жасалған бұйымдарды сататын бір қатар сауда нүктелеріне тексерулер жүргізді.

Бақылау жүргізу үшін табиғи тастан жасалған бұйымдар, оның ішінде жылтыратылған гранит плиталар сатып алынды, содан кейін олар аккредиттелген сынақ зертханасына сараптамаға жіберілді.

Сынақ нәтижелері жылтыратылған гранит плиталарынан жасалған бұйымдар "Табиғи тастан жасалған бұйымдар" Қазақстан Республикасының 3619-2020 Ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Атап айтқанда, ұлттық стандарттың талабы бойынша плиталар өнімді анықтауға мүмкіндік беретін нақты таңбалануы керек, бірақ өнімде тұтынушыға арналған ақпарат көрсетілмеген.

Тұтынушыларға арналған ақпараттың болмауы, Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының 35-бабын бұзу болып табылады, нарықта айналымдағы өнім белгіленген техникалық регламенттерге сәйкес келуі тиіс.

Тексеру қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері жылтыратылған гранит плиталарынан жасалған өнім партиясын сатуға тыйым салу туралы нұсқама берді.