
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде 2018 жылдың 30-31 қазаны мен 1 қарашасы аралығында мамандардың техникалық реттеу және метрология саласында кәсіби деңгейін арттыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік бақылау тиімділігін және тексеруді жоспарлау жүйелерін дамыту үшін оқыту семинары өтуде.
Департамент басшысы Атчибаева Тлектес Бегеевна семинарды құттықтау сөзбен ашып, осы іс-шара жыл сайын ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетімен ұйымдастырылатынын және департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің имиджі мен кәсібилігіне оң әсер ететіндігін атап өтті.
Семинардың мақсаты Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Маңғыстау облысы бойынша департамент мамандарының біліктілігін арттыру, мемлекеттік бақылау саласындағы жұмыстарды жетілдіру және тиімділігін арттыру болып табылады. Үш күндік оқыту семинары барысында, мамандар бағдарламаға бекітілген дәрістік материалды толығымен тындайтын болады.
Семинар бағдарламасына сәйкес мынандай тақырыптар қамтылды:
Жоғарыда көрсетілген тақырыптарды «ҚазСтИн» РМК жетекші мамандары, сондай-ақ «ҰССО» АҚ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының өкілдері ашатын болады.