
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары, ойыншықтарды сатушылармен «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» КО 008/2011 ТР талаптарын Талдықорған қаласы орталық базарының әкімшілік ғимаратында талқылады.
Ойыншық - бұл 14 жасқа толмаған бала (балалар) ойнауға арналған өнім немесе материал. Ойыншықтарды таңдауда негізгі өлшем - қауіпсіздік.
Кездесуге қатысушыларға балалар ойыншықтары қауіпсіздігінің келесі негізгі талаптары түсіндірілді:
-Қауіпсіз материалдан жасалып және жабыны да қауіпсіз болу қажет.
- Жағымсыз өткір иіс жоқ.
- Мықтылық, нәзік ойыншықтар, оның кез келген бөліктері үзіліп балаға зиян келтіруі мүмкін.
- Қауіпсіз конструкция, өткір жиектер мен қысқыштар, тар сызаттар баланың саусақтары кіріп кету қауіпін алдын алу үшін, саңылаулар болмауы қажет.
- Қауіпсіз түс, тым жарқын, көзге ұқсас түстер баланың көруіне және невропсихологиялық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін.
- Қауіпсіз дыбыс, өткір дыбыс баланың естуіне нұқсан келтіруі мүмкін.
- Қауіпсіз өлшемі, ойыншықтары және олардың құрамдас бөліктері баланың оларды жұтып қоймауы үшін жеткілікті мөлшерде үлкен болуы керек, ойыншық баланың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылғанын көрсету қажет.
- Қауіпсіз салмағы, бала ойыншықты көтере алады ма? және егер ол түсіп кетсе, өзіне зиян келеме.
- Гигиеналық тұрғыдан, ойыншықты жуу мүмкіндігі.
Іс-шараға қатысушыларға, ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптары келесі ойыншықтарға: шыршаларға, жасанды шыршаларға мен аксессуарларына, электрлі гирляндаларға, балалар ойын алаңдары үшін жабдықтарға, спорт жабдықтарына, соның ішінде суасты ойыншықтарға (мысалы, секіргіш арқанға), 500-ден астам бөлшектері бар пазлдарға, пневматикалық қаруларға, катапульті және лақтыру құрылғыларына (мысалы, рогатка, дартс), бу қозғалтқышы бар ойыншық машиналарыға, қоғамдық жолдарда жүруге арналған велосипедтерге және 24 В асатын номиналды кернеуде жұмыс істейтін ж.д.б. ойыншықтарға қолданылмайды.
Ойыншықтардың сәйкестігін бағалау (растау) сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және сәйкестікті растаудан өткен ойыншықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығында бір тауарлық айналым белгісімен белгіленуі тиіс.