
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің (2017 жылғы 26 қазандағы № 569) Жарлығына сәйкес қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына латын жазуына көшуіне байланысты өзгерістер енгізілді.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» 989-2014 ҚР СТ ұлттық стандартына стандарттың барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс енгізілді.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 09.20.2018 жылғы № 272-од бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» 989-2014 ҚР СТ-ға 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолднысқа енгізілген күнінен бастап №1 өзгеріс бекітілді.
Өзгерістерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, сондай-ақ дайындаушы компаниялардың өкілдері: «Мекен KZ» ЖШС, «Industrial Company Zoom» ЖШС, «Символика» ЖШС, «Алматыгороформление» ЖАҚ, «Ак бастау KZ» ЖШС, ЖК «Ж.С. Тынымбаев», ЖК «Баубеков» және мемлекеттік органдардың өкілдері басқарды.
№1 өзгерістерді қабылдау және қолданысқа енгізу туралы ақпарат http://egfntd.kz сайтында орналастырылды және стандарттардың кезекті ай сайынғы ақпараттық сілтемесінде.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік рәміздер саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру шеңберінде бұрын дайындалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыруды жүзеге асыру бойынша өтпелі кезеңді айқындау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен пысықталуда (ауыстыру мерзімі шамамен 1,5 жылдан 2 жылға дейін болуы мүмкін).