ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ГЕОЛОГТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ГЕОЛОГТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев және «Қазгеология» АҚ Басқармасының төрағасы Ғалым Нұржанов 2015 жылғы 13-20 қыркүйекте Бразилияда өтетін Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиадаға (International Earth Science Olympiad - IESO) қатысатын жас геологтармен кездесті.

Биылғы жылы IESO-ға әлемнің 20 елінен 1000-нан астам оқушы қатысады, ол Еуропадан тысқары жерде құрылған, 15 жастан асқан орта мектеп оқушыларына арналған, жер туралы барлық геологиялық ғылымдарды қамтитын бірден бір олимпиада.

Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мен жасөспрірімдер арасында геологиялық қозғалыс бел алып, табысты түрде дамуда. Инвестициялар және даму министрлігі «Жас геолог» корпоративтік қорын құрды, оның мақсаты – Қазақастандағы жас геологтар қозғалысына қолдау көрсету, мектеп оқушыларын геология саласында жоғары оқу орнына дейінгі дайындау болып табылады.

2010 жылы Қазақстанда алғаш рет жас геологтар олимпиадасы ұйымдастырылып, ол Шығыс Қазақстанда өткізілді. Оң нәтиже ұзақ күткізбеді – осы олимпиададан кейін оған қатысқандардың көпшілігі мамандықтарын таңдап, олардың едәуірі оқу орындарына геологиялық мамандықтар бойынша оқуға түсті.

ІІ Қазақстандық жас геолог олимпиадасы Қостанайда басталды. Өздерінің білімін көрсетіп, зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін байқауға Петропавлдан, Семейден, Атыраудан, Өскеменнен, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен: Ресейден, Татарстаннан және Өзбекстаннан командалар келді. Жоба республикалық деңгейден асып, халықаралық маңызға ие болды. Мұның өзі еліміздің халықаралық жұртшылық алдындағы оң беделін қалыптастыруға жәрдемдесті.

ІІІ Қазақстандық жас геологтардың Алматы облысында өткен ашық даладағы олимпиадасына Қазақстанның аймақтарынан 300-ге жуық балалар, сонымен қатар, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның командалары қатысты.

Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиада – геология, океанография және астрономия сияқты пәндер бойынша орта мектеп оқушылары арасында өтетін жыл сайынғы жарыс. IESO-ға қатысуға тиісті ұлттық жарыстар жеңімпаздары атанған мектеп оқушылар шақырылады. Бұл олимпиада - Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық білім ұйымы қызметінің негізгі түрлерінің бірі.

IESO – мектеп оқушыларының Жер туралы ғылымдарға қызығушылығын арттыруға, жұртшылықтың назарын аударуға, осы саладағы таланттты, дарынды балаларды анықтауға бағытталған. IESO, бұдан басқа мектептерде Жер туралы ғылымдарды оқытуды жақсартуға, әртүрлі елдер оқушылары арасында достық қарым-қатынастарды ынталандыруға және идеялар мен материалдар алмасуда халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

 

 

ҚР ИДМ Баспасөз қызметі