
Бүгін Алматыға Инвестиция және даму министрі бастаған жұмыс тобы келді. Әсет Исекешев сапары аясында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірқатар индустриалды кәсіпорындарда болады. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар көлік жолдарын қайта жаңғырту барысымен және ИТП АЭА құрылысының екінші кезеңімен танысады. Қала мен облыстағы нысандарды аралап көргеннен кейін, аса маңызды шараларды іске асыру мәселелері бойынша қала әкімі Бауыржан Байбек және Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен екі жеке кеңес өткізеді. Мәжіліс қорытындысы бойынша ИДМ және әкімдіктер бірлескен іс қимыл туралы құжатқа қол қояды деп жоспарланған.
Әсет Исекешев атап өткендей, сапардың мақсаты жобалардың құрылысы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау ғана емес, сонымен бірге кәсіпорындардың жағдайына мониторинг жүргізіп, оларды қолдау бойынша қосымша шаралар әзірлеу.
Естеріңізге сала кетейік, өндіріс орындарының аяқ асты тоқтап қалуын және адамдардың жаппай қысқаруын болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың басында жедел жоспар қабылданған болатын. Ол негізінен кәсіпорындарды (ірі, орта, шағын) қазақстандық үлесті дамыту есебінен, отандық кәсіпорындар жүктемесін қамтамасыз ету және басқа да нақты шаралар арқылы қолдауға бағытталған.
«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА
Қазіргі уақытта ИТП АЭА «Almaty TechGarden» - Алматы қаласындағы инновациялық кластердің өзегіне айналды. Ол үшін автономды кластерлік қор құрылды (АКҚ). Келесі жылдан бастап аталған қор жоғары технологиялық стартаптарды (оның ішінде - шетелдік) тартатын болады және трансұлттық корпорациялармен бірлесіп технологиялық Орталықтар құрады.
2018 жылдың аяғына дейін 500 стартап/инновациялық жобаны қаржыландыру; өнімінің 50 пайыздан астамын шетелге сататын қазақстандық 50 инновациялық стартап-компания құру; компаниялар құру үшін ТҰК қатысуымен бірлесіп технологияларды дамытатын 5 орталықты іске қосу; «ИТП» АЭА қатысушы-компанияларда 2000 астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр.
Аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту.
Алматы облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алматы - Өскемен» көлік жолының 235 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде:
-«Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша ұзындығы 94 шақырым болатын «Алматы-Қапшағай» учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмысы қолға алынған;
-ұзындығы 141 км.«Қапшағай-Талдықорған» учаскесінде
Автокөлік жолын реконструкциялауға 6 отандық мердігер компания тартылды. Сондай-ақ, 1362 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 3 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Биыл 94 шақырым жол пайдалануға беріледі. Оның ішінде 41 км цементбетон және 53 км асфальтбетон жабындысы төселген. Сондай-ақ, Алматыдан Талдықорғанға дейінгі жолда қозғалыс ашылады деп жоспарланған.
Индустриаландыру Картасына енген жобалар.
Алматы қаласы.
2010-2014 жж. аралығында индустриаландыру Картасы аясында 21 жоба іске қосылды (шамамен 3 мың тұрақты жұмыс орны құрылды).19 жоба жоспарға сай жұмыс істеп тұр; 1 жобада жүктеме аз; 1 жоба тоқтап тұр.
2010-2014 жж. және 2015 жылдың 5 айында іске қосылған жобалар 39,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде 2015 жылдың 5 айында 5,7 млрд.теңгенің өнімін шығарды.
Алматы облысы.
2010-2014 жж. индустриаландыру Картасы аясында 48 жоба іске қосылып, 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.
Бүгінде 48 жобаның:
40 жоба жоспарға сай жұмыс істеп жатыр; 5 жоба аз жүктемемен жұмыс істеп тұр; 2014 жылы іске қосылған 1 жоба әлі өнім шығарған жоқ; 2 жобада маусымдық сипатқа байланысты өнім өндіруді бастаған жоқ.
2010-2014 жж. және 2015 жылдың 7 айында облыста іске қосылған жобалар 104,7 млрд. астам теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде 2015 жылдың 7 айында 18,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
ҚР ИДМ баспасөз-қызметі