
Салауатты өмір салты мен салауатты тамақтану бүгінгі таңда- сәнді үрдіс болып табылады. Адамдардың өз денсаулығын қадағалауға және тиісінше дұрыс тамақтануға деген ұмтылысы тұтынудың қосымша майлармен күресуге ғана емес, барлық қажетті заттарды алуға адам ағзасына көмектесетін көптеген мамандандырылған азық-түлік өнімдерінің нарығына шығуға әкелді. Дегенмен, дұрыс тамақтану үшін өнімдерді тексерілген компаниялардан таңдау керек.
Қазіргі уақытта диеталық тағам белгілі бір аурулар кезінде берілетін диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану болып бөлінеді.
Сонымен, диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану өнімдері дегеніміз не және олардың қауіпсіздігін қандай нормативтік құжаттармен анықталатындығын анықтайық.
Тамақ өнімдерінің диеталық емдік тамақтануы- тағамдық және энергетикалық құндылығы бар, физикалық және органолептикалық қасиеттері бар және терапиялық диеталардың бір бөлігі ретінде пайдалануға арналған мамандандырылған тамақ өнімдері.
Диеталық профилактикалық тамақтану өнімдері - көмірсулар, май, ақуыз, витамин мен басқа да зат алмасу түрлерін түзетуге арналған арнайы тағам өнімдері.
Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға қойылатын талаптар «Басқа да арнайы тағам түрлерінің қауіпсіздігі, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану» (КО ТР 027/2012) Кеден Одағының Техникалық регламентінде, сонымен қатар басқа да әрекеті соған таратылатын «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Тамақ қоспаларына, хош иістендіргіштер мен технологиялық құралдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары» Кеден Одағының Техникалық регламенттерінде көрсетілген.
Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану адам денесінің физиологиялық қажеттіліктерін қажетті факторлар мен аурулардың патогенезін ескере отырып, қажетті қоректік заттар мен энергияға сәйкес келуі керек.
Рұқсат етілмейді: 1) Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану, аяғы ауыр және емізетін әйелдер үшін тамақ өнімдерін өндіру кезінде құс еті салқындатылғаннан басқа, механикалық сүйектен айырылған құс еті және құс етінің шикізаты бар коллагенді қолдануға; 2) жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған азық-түлік өнімдерін өндіру үшін ГМА-дан алынған, ГМА және (немесе) құрамдас бөліктері бар азық-түлік шикізаттарды пайдалануға.
Тұз алмастырғыштардағы натрийдің мөлшері тұз алмастырғыштар қоспасының массасының 120 мг / 100 г аспауы тиіс.
Өз кезегінде, басқа да арнайы тағам түрлерінің қауіпсіздігі, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану КО ТР 027/2012 талаптарына сәйкес «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу нысанында жүзеге асырылады.
Сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың барлық өнімдері Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында бірыңғай айналым белгісімен белгіленуі керек. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында бірыңғай айналым белгісімен белгілеу Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығын шығарғанға дейін жүзеге асырылады. Өнімнің бірыңғай айналу белгісі өнімнің әрбір бірлігіне (тұтынушы тарасына, және (немесе) затбелгіге, және (немесе) этикеткаға және (немесе) тауарды жолдама құжаттарында) жабыстырылады. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімнің айналымының бірыңғай белгісі кез-келген түрде жабыстырылады, ол өнімнің сақтау мерзімінде айқын және нақты бейнелейді.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы 83, байланыс телефондары: 8 (727) 303-88-52, 243-10-87. Электрондық адрес: ktrm_almaty@mail.ru
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы- Б.Султанова