
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент мамандары «Мемлекеттік тілде іс жүргізу және латын әліпбиінің қолданысы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Сондай-ақ дөңгелек үстелге «Азамат дауысы» және «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» мекемесінің өкілдері қатысты.
Латын графикасына негізделген әліпбиге көшу бойынша Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында отырысқа қатысушылар мен департамент мамандары Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасымен танысты.
Отырыс соңында қатысушылар мен мамандар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес мемлекеттік тілде іс жүргізу және латын әліпбиінің қолданысы туралы пікір алмасты.
Департамент мамандарының республика бойынша ағымдағы жылғы 14 қарашада өтетін жалпыхалықтық диктантқа 100% қатысатынын еске саламыз.