
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген «Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыру» 3.18 бастамасының «Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды күшейту» Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының міндеттерін іске асыру мақсатында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент мамандары МФ «ҰССО» АҚ және «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізді.
Отырыс барысында аккредиттеу субъектілерінің сынақ мүмкіндіктеріне сәйкестікке растау ұйымдарын тарта отырып міндетті салыстырмалы талдау жүргізу жоспары қарастырылды. Кездесуде қатысушылар:
- өңірде сынақтардың қажетті көрсеткіштерін қамтудың қамтамасыз етілуін;
- жақсарту жөніндегі ұсынымдарды;
- мониторинг нәтижелері бойынша белгіленген сәйкессіздіктерді;
- олардың себептерін айқындау және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді;
- материалдарды ресімдеуді талқылады.
Кабель және цемент өнімдері, сондай-ақ дөңгелекті көлік құралдары мен олардың қосалқы бөлшектері басым бағыттар болып анықталды.
Отырыс соңында қатысушылар мен мамандар арасында сәйкестікті міндетті расталуға жататын өнімді әкелу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары талқыланып, жоғарыда айқындалған басым бағыттарға қатысты сынақ және сәйкестікке растау органдарына талдау жүргізу тапсырылды.