2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ АСТАНАДА ӨТКЕН ОТЫРЫСТА ТАЛҚЫЛАНДЫ

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ АСТАНАДА ӨТКЕН ОТЫРЫСТА ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы базасында отырыс өтіп, онда 2019 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарының жобасын қалыптастыру қаралды. Отырыстың модераторлары ретінде «Атамекен» ҰКП Төралқасы өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Владимир Бобров және ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шакқалиев болды.

Жобаны талқылауға мүдделі бизнес-қоғамдастықтың, салалық қауымдастықтардың, отандық кәсіпорындардың және техникалық реттеу субъектілерінің өкілдері - Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институтының, Ұлттық палатаның сарапшылары және Қазақстанның барлық облыстарынан өңірлік бөлімшелердің басшылары қатысты. 

Отырысты аша отырып, мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастырудың жаңа тәртібі туралы ТРМК төрағасы Арман Шакқалиев мәлімдеді. – «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау аясында мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастырудың негізгі тәсілдері өзгереді. Стандарттарды әзірлеу бұдан былай тек «белгі үшін» ғана емес, шын мәнінде қажетті стандарттар әзірленетін болады, - деп атап өтті комитет басшысы.

Отырыс барысында 2019 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарының жобасы ұсынылды. «ҚазСтИн» РМК Бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова жоспарды қалыптастырудың басым бағыттарын түсіндірді. Ол стандарттарды әзірлеуге, соның ішінде өнеркәсіптен келіп түскен ұсыныстар-өтінімдердің талдауын ұсынды, өтінімдерді экономика салалары бойынша бөлуді ашып берді, жоспарланған іс-шаралар және онлайн «Е-жоспарлау» режимінде өтінім беру бойынша жаңа автоматтандырылған модуль туралы әңгімеледі.

Қатысушылар сұрақтар қоюға және диалог форматында өтінімдерді қабылдамау себептерін, қайталау, ГОСТтарға өзгерістер енгізу, ұлттық стандарттарға үкіметтік емес стандарттарды қайта өңдеу мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордағы стандарттардың рөлін атап өтілді.

Қорытынды бойынша мемлекеттік стандарттау жоспарының жобасын қарау және 2018 жылғы қараша айының соңына дейін ұсыныстар беру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.

Проект Плана государственной стандартизации на 2019 год  обсудили на заседании в Астане