
ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Тұңғыш Президент күніне арналған спартакиада жеңімпаздарын марапаттады.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шакқалиев, өз мекемесінің намысын лайықты қорғаған қызметкерлерге кубоктар, алғыс дипломдары және тәтті сыйлық табыстады.
Комитеттің басшысы құттықтау сөзінде команда мүшелеріне жарыста көрсеткен жоғары спорттық шеберліктеріне алғыс білдіріп, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.
«Өз жетістіктеріңізбен сіз спорттың пайдасы мен салауатты өмір салты, мемлекеттік қызметшілер үшін басым бағыт екенін көрсеттіңіз. Спорт – ол көңіл көтеріп, бос уақыт өткізу емес, ең алдымен, сапаны жақсарту және ұзақ өмір сүрудің маңызды факторы. Ол қайсарлыққа, сенімділікке баулиды және дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамытады», - деді ол жеңімпаздарға және мекеме қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу жөніндегі бастамаларды қарастыруға дайын екендігін атап өтті.
Комитетте дене шынықтыруды, спортты сүйетін жандар қатары жыл сайын артып келеді. Сонымен, биыл ұлттық құраманың мүшесі ретінде, тәжірибелі спортшылармен қатар, мемлекеттік қызметті де, спортты да жетістікпен қатар алып жүрген жас болашағы бар белсенділер қатысты. Комитет Комитет төрағасы Арман Шаққалиевті, басқарма басшысы Ернұр Томашовты, Ерік Жалманбетовты, Руфат Жапарқұловты, бас мамандар Сәуле Сейтқанованы, Зарина Альбогахиева, Самат Садықов, Жанатай Әбілқасым, Айгүл Закерияны, Гаухар Ахметованы, сарапшы Дана Өтегенованы ұсынды.
Спорттық бағдарламаға армрестлинг, шахмат, волейбол, фудбол және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар кірді.
Бірнеше жыл бойы Мемстандарттың құрама командасы дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысатын адамдардың санын арттыру бойынша мемлекеттік саясатын қолдай отырып, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында дәстүрлі түрде спартакиадада жүлделі орындарға ие болып жүр. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылға қарай салауатты өмір салтын сақтау қазақстандықтардың 30% -ын, ал 2030 жылға қарай 40% -ды құрайды дегенін айта кеткен жөн.

