ҚАРАҒАНДЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ӨНІМНІҢ СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚАРАҒАНДЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ӨНІМНІҢ СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

2018 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының базасында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қасымовтың төрағалығымен кәсіпкерлік субъектілері және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кеңес өтті.

Кеңеске Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, салалық қауымдастықтар, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары, аккредиттеу және кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты - өнімнің сәйкестігін растау бойынша құжаттарды ресімдеу кезінде бизнес тарапынан бұзушылықтардың алдын алу, мемлекет аумағындағы қауіпті өнімдер мен жасанды "сұр" сертификаттардың айналымына жол бермеу. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Нұрлан Көпбаев СЭҚ қатысушылары үшін сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Талқылау барысында, Бауыржан Қасымов меморандумдар аясында Техникалық реттеу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге ықпал ететін ақпарат алмасу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осылайша, Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер департаментімен 101 сертификат бойынша ақпарат сұралды, олар бойынша талдау жүргізілді және олардың 12 сәйкестік сертификаттары мен декларациялары Тізілімде жоқ екендігі туралы ақпарат жіберілді, 8 сертификатқа сәйкестікті растау жөніндегі органдардан сәйкестік туралы декларацияның күшін жою туралы шешімі бар.

Естеріңізге сала кетейік, Департамент Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен, Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің департаментімен және Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасымен техникалық реттеу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу мақсаты болып табылатын өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

Кеңеске қатысушыларға ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің сәйкестік сертификаттарына (декларацияларына), ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға шартты шығару және ТНСЭҚ кодына қатысты туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

Кеңес нәтижесінде тараптар ақпараттық көмек көрсету бөлігінде өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді.