
«Метрология и медицина» атты «дөңгелек үстел»-де метрология саласының адам өміріне мен денсаулығына маңыздылығын және медициналық мекемелер өкілдерінің жұмыстарында ҚР «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету» Заңының талаптарының сақталуы туралы түсіндірілді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерін ұйымдастырып, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ҚФ және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ҚФ-нің өкілдерінің, сонымен қатар қалалық медициналық мекемелердің, олардың метрологияға жауапты мамандары, ауруханалар, емханалардың өкілдерінің қатысуымен өтті.
«ҚР «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету» Заңының талаптарына сәйкес, «адам өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін және аурулардың диагностикасы мен емдеуіне қажетті өлшеу құралдарын міндетті түрде сынап тексеру қажет», - екендігіне өз баяндамасында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша депараментінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы- Айгүл Абдукаримова тоқталды.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған барлық өлшеу құралдары, қолданысқа беру алдында сынақтан өткізіліп, одан кейін түрін бекітіп немесе метрологиялық аттестациялап, сынап, тексеріліп және Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс. Өлшеу құралдарын сынап тексеруді аккедиттелген сынап тексеру зертханалары жүргізеді, олардың тізімімен Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология комитеті сайтынан www.memst.kz танысуға болатындығын атап өтті.
Сонында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК КФ және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ҚФ-ң мамандарымен пікір алмасып, «дөңгелек үстел»-ге қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.