«Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесінің жаңа бағыты жарияланды.

«Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесінің жаңа бағыты жарияланды.

    «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Б. Мұхтаров ағымдағы жылдың 23 маусымында «қарапайым заттар экономикасын», импортты алмастыратын және экспорттық өндірістерді дамыту бойынша жобалық кеңестің отырысына қатысты.

    Бейнеконференция арқылы өтткен отырыста  Жобалық офистің  жаңа жұмыс бағытын ұсынылды. Отырысқа мүдделі мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, заңды тұлғалар бірлестіктері қатысты. Отырыстың нәтижелері бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен салаларындағы бизнестің жағдайын бақылау үшін Жедел штаб құрылды.

   Жедел штабтың негізгі мақсаты аймақтардағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйін және карантиндік шаралардың бизнесті жүргізу жағдайларына әсерін бақылау болып табылады.

   Бизнестің жай-күйі әкімдіктердің, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және тікелей бизнестің деректері негізінде қалыптасады.

   Осылайша, бизнес өзінің жағдайы мен проблемалық мәселелері туралы ақпарат беретін тікелей арнаны алды.