
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп аккредиттеу субъектілеріне арналған "Сәйкестікті растау бойынша заңсыз берілген құжаттармен өнім айналымы мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Алматы қаласы бойынша ТРМКД мекемеге қарасты кәсіпорындарының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, аймақты аккредиттеу субъектілері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы бойынша ТРМКД басшысы Сауықбек Қапаев қатысушыларға өнімнің сәйкестігін растау, ел аумағында қауіпті өнімдер мен қолдан жасалған "жалған" сертификаттардың айналымына жол бермеу бойынша құжаттарды рәсімдеу кезінде бизнес тарапынан бұзушылықтар туралы ақпарат жеткізді.
Сонымен қатар, сертификаттау органдарын бағалау бөлімінің бас сарапшысы ҒАО ЖШС өкілі Қарлығаш Сәрсембаева Алматы қаласындағы аккредиттеуге, аккредиттеу субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптарды аккредиттелген субъектілердің үздіксіз орындауына мониторинг жүргізу бойынша ақпарат берді.
Бағдарлама аясында Алматы қаласы бойынша ТРМКД бас маманы Құралбек Қызғарин мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібінің ережелерін және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер туралы айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар өзара ақпараттық қолдау көрсету бөлігінде ынтымақтастық туралы келісімге келді.