МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2018 жылдың 19 қарашасында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінде Маңғыстау облысының дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығы КММ-нің Ақпараттық түсіндірме тобының бөлім басшысы Аталикова Жұлдыз Якубовнаның қатысуымен Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазанындағы  № 483-IV заңына сәйкес «Мемлекет және дін» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Отырыс барысында Дін істері басқармасының өкілі «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылымының зайырлы қағидалары, дiни радикализмге қарсы iс-қимыл, дәстүрлi ислам нормалары, жастарға патриоттық тәрбие беру, әлемдегi және елдегi жалпы дiни жағдайлар және т.б. мәселелерді түсіндірді.

Іс шара соңында отырысқа қатысушылар арасында дін саласында толғандырып жүрген өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып Дін істері басқармасының  маманы тарапынан заңға сәйкес толыққанды жауаптар алынды.

Заседание круглого стола на тему «Государство и религия» прошло в Мангистауской области