БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылы 19 қарашада Батыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары, БҚО техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі Өңірлік штабтың төрағасы Миржан Саткановтың төрағалық етуімен кезекті Өңірлік штаб отырысы өтті.

Аталмыш іс-шараға мемлекеттік органдардың, БҚО кәсіпкерлер палатасының, сонымен қатар бизнес өкілдері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша автокөлік құралдарын пайдалану кезіндегі орын алатын жазатайым оқиғалардын алдын алу және болдырмау, Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын сақтау мақсатында, көлік құралдарында орнатылған газ-баллон жабдықтарын мерзімді сынақтан өткізуге қатысты ТРМК БҚО бойынша департаменті басшысы Салават Вахитов және  Орал қаласының Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы  Тимур Майранов сөз сөйледі. Аталмыш мәселе бойынша қолданыстағы Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережесінің «Жүргізушілердің жалпы міндеттері» бөліміне өзгерістер енгізу туралы ұсынысты дайындау және мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүзеге асырудағы жауапты уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне жолдау жөнінде шешім қабылданды.

Одан соң, Қазақстан Республикасы «Стандарттау туралы» Заңы: Стандарттаудың халықаралық моделіне көшу. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның қызметі» тақырыбында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК БҚФ директоры Айман Удишева баяндады.

Отырыс барысында Батыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Гүлбакыт Наурзалина Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2017 жылғы 10 қарашадағы №102 шешімімен қабылданған, Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің өнім қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері жөнінде баяндады.

Сонымен бірге, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-тің Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасына жолдаған СТ1 сертификатын алу кезінде туындайтын мәселелер қаралды.

Отырысты қорытындылай келе, сәйкесінше жұмыстар жүргізу туралы тапсырма берілді.

Состоялось очередное заседание Регионального штаба  по вопросам технического регулированияи метрологии  Западно-Казахстанской области

Состоялось очередное заседание Регионального штаба  по вопросам технического регулированияи метрологии  Западно-Казахстанской области