АВТОМОБИЛЬ БЕНЗИНІ МЕН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ

АВТОМОБИЛЬ БЕНЗИНІ МЕН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ

Кеден одағы Комиссиясының 2011 ж. 18 қазандағы № 826 шешімімен бекітілген КО/ТР013/2011«Автомобиль бензині мен авиациялық бензинге, дизель отыны мен кеме отынына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінде адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды, тағайындалуына, қауіпсіздігіне және энергетикалық тиімділігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында отынға қойылатын талаптар көрсетілген.

Автомобиль бензині маркасының белгіленуі

1. АИ - 80, 92, 93, 95, 96, 98 - зерттеу тәсілмен анықталған автомобиль бензинінің октан санының сандық белгіленуі;

2. К2, КЗ, К4, К5 автомобиль бензинінің экологиялық класын белгілейтін символдары.

Дизель отынының маркасының белгіленуі

1. Автомобильдизель қозғалтқыштарына арналған дизель отынын белгілейтін ДТ әріптері.

2. климаттық қолданылу шарттарын белгілейтін Л әрпі (жазғы), 3 (қысқы), А (арктикалық) Е (мерзім аралық).

3. дизель отынының экологиялық класты белгілейтін К2, КЗ, К4, К5символдары.

Маркасының белгіленуіне дайындаушының саудалық маркасы (тауарлық белгісі) кіруі мүмкін.

Аталған өнімдерді сату кезінде сатушы тұтынушыға жоғарыда көрсетілген ақпараттардан басқа, өнімнің сәйкестігі туралы ақпаратты осы кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сай беруге міндетті.

Айналымға шығарылатын және (немесе) айналымда бар отынның әрбір топтамасымен сапа туралы құжатында(паспорт) төмендегідей ақпараттар қоса жүруге тиіс.

отынның атауы және маркасының белгіленуі;

дайындаушының (дайындаушының уәкілетті тұлғасының) немесе импорттаушының немесе сатушының атауы, олардың орналасқан жері (елін көрсете отырып);

осы маркалы отынға қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттың белгіленуі (болған жағдайда);

осы маркадағы отынның аталған Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын сынақтардың нормативтік мәндері мен нақты нәтижелері;

паспорттың берілген күні мен нөмірі;

паспортты ресімдеген тұлғаның қолы;

сәйкестік декларациясы туралы мәліметтер;

отын ішінде қосымдардың бар екені туралы мәліметтер.

Жанармайлардың адам өмірі мен денсаулығына өте қауіпті өнім екенін ескере отырып, осы өнімдерді жанармай станцияларында тұтынушыға тасымалдау, жеткізу, сату кезеңдерінде, сатушы, қауіпсіздіктіаталған техникалық регламент талаптарына сай қатаң сақтауға тиіс.

Кеден одағының техникалық регламенті мемлекеттік қорғаныс тапсырмасы бойынша жеткізілетін, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы шегінен тыс экспортқа шығарылатын, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақтауда тұрған, сондай-ақ мұнай өнеркәсібінде және бұрғылау платформаларында жекеменшік тұтыну қажеттіліктеріне арналған жанармайға қолданылмайды.

«Автомобиль бензині мен авиациялық бензинге, дизель отыны мен кеме отынына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» (КО ТР 013/2011) техникалық регламент туралы толық ақпаратты www.eurasiancommission.orgЕуразиялық экономикалық комиссияның сайтында алуыңызға болады.