ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2018 жылғы 20 қарашада Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетін іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Сиыр еті мен шұжық өнімдерін экспорттау бойынша пікірталасқа Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері және «Алға» АӨК және «Тұлпар» ЖШС кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкері Жанар Нағуметова отандық кәсіпкерлердің Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, сиыр етін жеткізу мәселесі қарастырылатынын хабарлады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының уәкілетті органдары арасында сиыр етінің ветеринариялық сертификатының нысаны мен мазмұны бойынша келісу үдерісі өтуде. Ет өнімдерін өндірушіге ветеринарлық-санитарлық бақылау саласындағы ҚХР-ның нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып, мал сою пунктінің құрылысы ұсынылды, бұл «Алға» АӨК ет импорттаушылардың тізіліміне қосуға мүмкіндік береді»,- деп Жанар Нагуметова айтып өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша уақытша және қаржылық жүктемені төмендету және отандық кәсіпкерлерге ақпараттық қолдау көрсету бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Ұсыныстар Қазақстанның тиісті уәкілетті органдарына шешім қабылдау үшін, оның ішінде экспортты жылжыту бойынша Жол картасын әзірлеу үшін ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберілетін болады.

В Караганде обсудили вопросы экспортного потенциала казахстанской продукции

В Караганде обсудили вопросы экспортного потенциала казахстанской продукции