
2018 жылдың 26 қарашасында ТРМК Алматы қаласы бойынша департаменті «Бояулар мен лактардың қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭҚ ТР жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысында ҚР ИДМ ИДӨҚК-нің химиялық және фармацевтикалық басқармасы басшысының у.м. атқарушы, Алматы қаласы бойынша «ҚазСтИн» РМҚ филиалы өкілдері, сәйкестікті растау органдары, қаланың өнім шығарушылары, және де қызығушылық танытқан институттар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы бойынша «ҚазСтИн» РМҚ филиалы бас маманы Боканова Мадина Қазақстан Республикасындағы өнімдерді каталогтандыру жүйесі туралы әңгімеледі. 2015-2017 жылдары қабылданған ұлттық стандарттар туралы ақпаратты айтты.
«Бояулар мен лактардың қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭҚ ТР жобасы бойынша ҚР ИДМ ИДӨҚК-нің химиялық және фармацевтикалық басқармасы басшысының у.м. атқарушысы Дюсамбаев Қанағат жобаға қойылатын негізгі талаптарды түсіндірді.
Техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бояу мен лактарға қойылатын талаптарды қолдану және орындау үшін біртұтас міндетті бекіту мақсатында, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылған бояулар мен лактардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін әзірленген.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша барлық мүдделі тұлғаларға сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда, оларды Алматы қаласы бойынша ТРМКД мекен-жайына жіберу ұсынылды.
