АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2018 жылы 28 қарашада Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің төрағалығымен техникалық реттеу мәселелері жөнінде өңірлік штаб отырысы өтті.

Өңірлік штаб отырысын өткізудің мақсаты - Техникалық реттеу мәселелері бойынша проблемаларды, оларды шешу жолдарын анықтау және белгілеу, өнім өндірушілерге және бизнес-қоғамдастықтарға ақпараттық-түсіндіру сипатында көмек көрсету.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

- Облыс аумағында сәйкестікті растаудың "сұр" құжаттарын анықтау бойынша мониторинг нәтижелері, проблемалар және оларды шешу жолдары туралы;

- Техникалық реттеу мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне бару кезінде анықталған проблемалық мәселелерді талқылау;

- ҚР "Стандарттау туралы" Заңы және 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары туралы ақпарат;

- "Қайнар-АКБ" ЖШС-нің тұтыну салығы бөлігінде Қытай аумағына тауарды экспорттау кезінде және өндірілетін өнімге карантиндік куәлік алу кезінде проблемалық мәселелері.

Департамент басшысының м.а. Бибігүл Омарова өз сөзінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін "сұр сертификаттар" деп аталатын өнім айналымына жол бермеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысы туралы мәліметтер берді.

Департаменттің бас маманы Гүлмира Абдрасилова кәсіпкерлік субъектілерінде облыс кәсіпорындарына бару кезінде техникалық реттеу мәселелері бойынша айтылған мәселелер туралы мәлімдеді.

"ҚазСтИн" РМК Алматы облысы бойынша филиалының директоры Мария Жетібаева ҚР "Стандарттау туралы" Заңы туралы ақпарат беріп, 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына келіп түскен өтінімдердің саны туралы әңгімеледі.

"Қайнар-АКБ" ЖШС қаржы директоры Бақытгүл Кудеринова кәсіпорынның проблемалық мәселелері, атап айтқанда тұтыну салығы және Қытай Халық Республикасына өнімді экспорттау кезінде өндірілетін өнімге карантиндік куәлік алу кезіндегі проблемалар туралы айтып берді.

Өңірлік штаб отырысы барысында нәтижелі пікірлер алмасылды, барлық проблемалық мәселелер хаттамаға енгізілді, олар мемлекетаралық деңгейде шешім қабылдауды қарау үшін Техникалық реттеу комитетіне жіберілетін болады.

В Алматинской области прошло заседание Регионального штаба по вопросам технического регулирования

В Алматинской области прошло заседание Регионального штаба по вопросам технического регулирования