ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АЙМАҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Өскемен қаласында техникалық реттеу мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысында Аймақтық штабының кезекті отырысы өтті.  Отырысқа аймақтық штаб мүшелері, сәйкестікті растау бойынша органдар, сынау зертханалары/орталығы, облыс кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Аймақтық штабтың отырыстарында қаралған мәселелер бойынша орындалу басрысы туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында қатысушыларға стандарттау бойынша техникалық комитеттердің рөлін арттыру, ұлттық стандарттар мәртебесі мен пайдаланушыларға стандарттау құжаттарының болуы, ұсынылатын халықаралық үлгіге негізделген стандарттаудың ұлттық жүйесін құру туралы «Стандарттау туралы» ҚР Заңының негізгі талаптары таныстырылды.

ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО бойынша департаментінің техникалық реттеу регламентіне сәйкестік мониторингі бөлімінің бастығы Алена Кравченко халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мониторинг барысында ЕАЭО ТР техникалық регламенттерін қолдану тәжірибесі туралы ақпарат берді. Қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің өкілінен мемлекеттік бақылау тәжірибесіне негізделген КО ТР 022/2011 «Азық-түлік өнімдерін оның таңбалану бөлігінде» таңбалау бойынша ұсыныстар келіп түсті.

Сондай-ақ, облыстық ветеринариялық-зертханалық және ветеринарлық бақылаудың өкілдері ветеринариялық-санитарлық бақылау және тауарларды қадағалау үшін импорт пен экспорт кезінде ветеринарлық бақылау (қадағалау) және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру ережелерінің талаптары туралы айтып берді.

Аймақтық штабтың отырысының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі жиілеп кеткен «сұр сертификаттар» деп аталатын жағдайлар.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТРМК департаменті басшысының орынбасары Әсем Жақсыбаеваның сәйкес емес және жалған өнімдерді жою және анықтау бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу үшін мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың ережелері мен алгоритмдерін енгізу бойынша сөз сөйледі.

Аймақтық штабтың отырысында балды сынау кезіндегі оксиметилфурфурол көрсеткішінің мәні бойынша «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 021/2011 ұсыныс енгізілді.

Барлық туындаған сұрақтарға  түсініктеме берілді.

Cостоялось очередное заседание Регионального штаба по вопросам технического регулирования Восточно-Казахстанской области

Cостоялось очередное заседание Регионального штаба по вопросам технического регулирования Восточно-Казахстанской области