АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

2018 жылдың 19 қыркүйек пен 29 қараша аралығында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының 8 ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекетік Туының, Елтаңбасының және олардың бейнелері, сонымен қоса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимінінің сөзін орналастыру Ережелерін түсіндіру бойынша семинар-жиналыс өткізді.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдарының, білім және денсаулық сақтау бөлімдердің қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға 2018 жылдың 1 қарашасында күшіне енген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Техникалық шарттары»  ҚР СТ 989-2014  № 1 өзгерістері жайлы ақпарат жеткізілді.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Техникалық шарттары»  ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына «ҚАЗАҚСТАН» сөзін  стандарттың барлық мәтіненде латын графикасында «QAZAQSTAN» сөзімен ауыстыруға байланысты өзгерістер енді.

Қазіргі уақытта  2022 жылдың  1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ауыстыру бойынша өтпелі кезең анықталынды.

Слайд көрсете отырып тыңдаушыларға ғимараттардың ішінде және сыртында Мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен олардың өлшемдері жайлы, сонымен қатар ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою ережелері бойынша ақпарат жеткізілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тақтайшаларына қойылатын талаптар және оларға нышандар белгілеу тәртібі; мемлекеттік рәміздердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтіндігі үшін жауаптылық пен айыппұлдар туралы айтылды.

Департамент Алматы провел информационно-разъяснительную работу по использованию и применению государственных символов

Департамент Алматы провел информационно-разъяснительную работу по использованию и применению государственных символов